Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында «Энергетик» демалыс үйінің аумағында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында алғашқы тимбилдинг өтті. Бірінші орын үшін алты команда бақ сынасты - әр еншілес ұйымнан 12 өкілден қатысты. Қиын және сонымен бірге көңілді күресте 2-ЖЭО қызметкерлері жеңіске жетті.
Кез-келген кәсіпорынның сәтті жұмысының кепілі - бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы, ол бір мақсат, басымдықтар және ұмтылыстармен бір команда болуы керек. Тимбилдингтің мақсаты ұйымшылдық сезімін күшейту, қызметкерлер арасындағы сенімді, өзара қолдауды, ерік-жігерді және корпоративтік рухты дамыту болды. Тимбилдинг өткізу кезінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, «ПРЭК» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС барлық өкілдері біртұтас команда болды. Жүлделі орындар болғанымен, бірде-бір команда сыйлықсыз қалмады. Тимбилдинг қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер мен тамаша көңіл-күй сыйлады. Кешке қонақтарға тағы бір тосынсый жасалды, ол - екі метрлік алау, гитарамен орындалған әндер және дәмді балмұздақ болды.
Мереке атмосферасы таңертеңнен кешке дейін орнады. Өткізілген корпоративтік іс-шара ұжымды біріктіріп, команданың әр қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтап ашты.