«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы, «Каустик» АҚ, «Средазэнергомонтаж-ПВ» АҚ, «УПНК-ПВ» ЖШС кәсіпорындарының келісу комиссияларының мүшелері еңбек дауларын шешу бойынша кезекті жыл сайынғы оқытудан өтті. Тестілеуден кейін әр қатысушы сертификатқа ие болды.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова жыл сайын жұмыс орындарында дауларды реттеу негіздеріне 3 000-нан астам адам оқытылатынын атап өтті. Биыл оқушылар саны 4188 адамды құрады.
Келісу комиссиясы қызметкермен, оның ішінде жұмыстан босатылған қызметкермен туындаған кез келген жеке еңбек дауын қарастырады. Сондықтан, бірінші кезекте, қақтығыс жағдайы туындаған кезде комиссия мүшелері жеке еңбек дауларының туындау себептерін зерделеуі тиіс.
«Жұмыс орнында жанжал туындаған жағдайда оны дұрыс реттей білу, екі тарапты да ести білу және тараптардың медиативтік келісімге келуіне ат салысу аса маңызды. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодарэнерго жергілікті кәсіподағымен бірлесіп, 2020 жылдан бастап Павлодарэнерго кәсіподағына кіретін кәсіпорындардың келісу комиссияларының мүшелері жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдерін тегін оқытуда» - деп атап өтті «Павлодарэнерго» энергожүйесінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Толеубаев.
Теориялық дәрістер мен практикалық кейстерден тұратын бағдарлама жоғары деңгейде өтті, қатысушылар бағдарламаға қызығушылық танытып, мазалаған сұрақтарын қойды. Тестілеуден кейін келісу комиссияларының мүшелеріне тиісті сертификаттар берілді.