Павлодардың Солтүстік және Оңтүстік желілік аудандарындағы гидравликалық сынақтар 5 мамыр күні аяқталды. Сынақ нәтижесінде Солтүстік желілік ауданда 59 ақау, оның ішінде магистральдік құбырларда 15 ақау, ал оңтүстік желілік ауданда - 152 ақау анықталды, оның 20-сы магистральдік құбырларда.



Гидравликалық сынақтар аяқталғаннан кейін жылу желілері мамандары желілерінде ақаулар анықталмаған тұрғын үйлерге ыстық суды беруге кірісті. Сонымен қатар Павлодар әкімдігінің тапсырмасы бойынша мердігер ұйым орамдық жылу желілеріндегі ақауларды жоюмен айналысуда.