«Торайғыров университеті» КЕАҚ жоғары колледжінде «Жұмыс беруші күні» өтті. Іс-шара әр түрлі бағыттағы болашақ мамандарға жұмыс орындары мен өндірістік практиканы ұсынатын педагогтардың, олардың студенттері мен компанияларының диалогына бағытталған. Іс-шараға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өкілдері де қатысты.
15 қарашада жоғары колледж аумағында «Жұмыс беруші күні» атты маңызды іс – шара өтті. Студенттерге өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе аясында ынтымақтастық, сондай-ақ болашақ жұмысқа орналасуды ұсынатын компаниялар шақырылды. Колледж әкімшілігі бұл іс-шараның мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша одан әрі тиімді ынтымақтастық құру екендігін түсіндірді.
Іс-шараға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ атынан: Оқу орталығының бастығы Наталья Семенова; «ПЭТК» АҚ персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы Марина Инина, «ПЭТК» АҚ персоналмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы Юлия Вишенкова қатысты.
- Кездесу бағдарламасына колледж бойынша экскурсия, кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша диалог алаңында кездесу, тәлімгерлерден пікірталастар, тренингтер, жұмыс берушілерден дәрістер, грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттау, келісімдерге қол қою және студенттерге арналған бос орындар жәрмеңкесі кірді, - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Оқу орталығының бастығы Наталья Семенова.
Іс-шара барысында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды. «ПЭТК» АҚ ПЖБ жетекші маманы Юлия Вишенковаға ҚР Білім министрі А. Аймағамбетовтың қолы қойылған алғыс хат табыс етілді. Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі, Торайғыров университетінің проректоры П. Быков оқу орталығының бастығы Наталья Семеноваға және кадрлар даярлау жөніндегі инженер Светлана Козорезге алғыс хаттар табыс етті.