1961 жыл ғарышты игеру тарихындағы және Павлодар тарихындағы маңызды жыл. 12 сәуір күні адамның ғарышқа алғашқы ұшуы жүзеге асырылды, дәл сол жылы Павлодарда №2 жылу электр станциясы іске қосылды. 2-ЖЭО-да ғарышты игерудегі маңызды күннің символы ретінде космонавтика ескерткіші және мозаика стилінде жасалған бірегей панно орнатылған.
Бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі космонавтика күні 12 сәуір күні атап өтіледі. 1961 жылы дәл осы күні кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» спутниктік кемесімен жерді айналып өтті. Бұл оқиға адамның ғарышты бағындыруының символына айналды.
Осы атаулы оқиғаның құрметіне 1961 жылы түрлі қалалар мен елдерде ғарыш тақырыбына арналған ескерткіштер, мүсіндер, барельефтер орнатылды. Павлодар 2-ЖЭО-да да № 1 отын-көлік цехының ғимаратында ескерткіш пен мозаика үлгісінде орындалған панно орнатылды. Бірінші агрегаттың желіге қосылуы – ғарышты игерудің басталуы және бүкіл Павлодар қаласының өміріндегі жылу энергетикасы саласындағы маңызды өзгерістердің басталуы осы 1961 жылы орын алды. Тарихи оқиғаны бейнелейтін ескерткіш объектілері Юрий Гагариннің және ғарышты игеруге қадам басып белгісіздікке аттанған барлық қаһармандарымыздың ерлігіне деген құрмет пен мақтаныштың символы ретінде станция аумағында бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.
Юрий Гагариннің өзі айтқандай: «Барлық уақытта және дәуірлерде адамдар үшін жаңалық ашу үлкен мәртебе болған».