2022 жылдың басынан бастап «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынылған энергия үшін берешекті өндіріп алу жөнінде 3 649 өтініш жіберді. Ағымдағы жылдың бес айындағы өтініштер бойынша тұтынушылардың берешегінің жалпы сомасы 397 742 мың теңгені құрады.
Жалпы қарыз сомасы 331 992 мың теңге болатын 1 043 заңды тұлға және жалпы қарыз сомасы 65 750 мың теңгені құрайтын 2 606 жеке тұлға төлемеушілер қатарында. Оларға қатысты тұтынылған энергия үшін берешекті өндіріп алу туралы өтініштер жазылды.
Сонымен қатар, өткізу компаниясы жыл басынан бері жеке сот орындаушыларына берешекті мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы 10 110 акт жіберді. Оның ішінде 520 052 мың теңге сомаға 5 004 құжат толық көлемде орындалды, тағы 5 106 құжат орындалуда.
Борышқорларға қатысты атқарушылық құжаттардың талаптарын орындау үшін жеке сот орындаушылары қабылдайтын шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген. Олар мыналарды қамтиды: ҚР-дан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу; борышкердің банктік шоттарына тыйым салу; жалақыдан және зейнетақыдан өндіріп алу; жылжымайтын мүлікке тыйым салу (ауыртпалықтар).
Мысалы, жеке сот орындаушысы тұтынушыға қатысты 13.05.2021 ж. атқарушылық жазба негізінде 343 206 теңге сомасына атқарушылық іс жүргізуді қозғады. Ол бойынша 24.03.2022 ж. атқарушылық іс-шаралар барысында борышкердің жеке автокөлігі ұсталып, арнайы тұраққа алынды. Борышкер осы жылдың наурыз айында 343 206 теңге сомаға төлем жүргізді.
Сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімдерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Павлодар облысының Әділет департаментіне ұсыныстар жолданады, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген. Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 30.03.2022 жылғы қаулысымен борышкерді ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, 10 721 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Қарыздарды жинамаңыз, қызметтерге уақтылы төлеңіз!