Бүгінгі таңда қалалық коммуникациялардың көпшілігі жер астында жасырылған, бұл қаланың эстетикалық келбетінің және байланыс желілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жылыту және сумен жабдықтау құбырлары үшін бұл - таңғаларлық жағдай емес. Алайда, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлер күтпеген басқа желілерге де тап болуы мүмкін. Бұл «ПЭТК» АҚ-ның электрмен жабдықтаудың кабельдік желілеріне қатысты.
Жыл сайын қалалық электр желілері кәсіпорны әуе желілерін кабельдік желілерге көшіру жөніндегі инвестициялық кампания шеңберінде жұмыстарды жүргізуде. Жер астында жасырылған желілер үшін ауа-райы жағдайлары маңызды емес, бірақ оларды тұтынушылардың өздері зақымдап, өз үйлерін және тіпті бүкіл аудандарын тоқтан ажыратуға әкелуі мүмкін. Мамандар жыл басынан осындай зақымданулардың 25-ке жуығын анықтады. Бұл жер қазу жұмыстарын жүргізуді бастамас бұрын өткізілетін міндетті іс-шараларды елемейтін кәсіпорын иелерінің немесе жеке тұлғалардың білместігі немесе немқұрайлылығы салдарынан болады.
Біріншіден, жеке тұлға немесе жер қазу жұмыстарын жүргізуші апаттық учаскенің жобасын/ схемасын энергия беруші ұйымда келісуі керек, онда мамандар өз желілерін белгілеп, жобаны мақұлдайды. Бұдан соң жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажет. Жұмысты бастамас бұрын жер қазу жұмыстарын жүргізуші «ПЭТК» АҚ мамандарын шақыртуы қажет, онда қызметкерлер желілердің нақты өтетін орны мен тереңдігін айқындайды. Кейбір жағдайларда олар қажетті кабельді тартатын мамандандырылған зертхана көмегіне жүгінеді. Бұдан әрі жер қазу жұмыстарын жүргізушілер жол бойында кабель өтетін бірнеше жерді табуы қажет. Осыдан кейін ғана жер қазу жұмыстарына кірісуге болады. Сондай-ақ, жұмыстарды аяқтамас бұрын және желілерді қайта толтыру алдында коммуникациялардың тұтастығы мен бүтіндігіне көз жеткізетін мамандарды қайта шақырту қажет. Желінің ең болмашы зақымдануы ажыратуларға әкелуі мүмкін.
«Қаптаманың көрінетін үзіліссіз бұзылуы 10кВ электр кабелі зақымдалған жағдайда кейде бүкіл ықшамауданның тоқтан ажыратылуына әкелуі мүмкін. 0,4 кВ кабель зақымдалған жағдайда ажырату ауқымы да азырақ болады, әдетте бұл бірнеше жақын тұрған үйлер,– деп баяндайды «ПЭТК» АҚ кабель желілері қызметінің жетекші инженері Надежда Мороз - Егер жұмыстарды жүргізу кезінде электр кабелі зақымдалған болса, онда кабель желісінің зақымдалғаны туралы акт жасалып, оның негізінде жер қазу жұмыстарын жүргізуші желіні өз есебінен қалпына келтіруі тиіс. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес электр желілерін зақымдағаны үшін электр желілерін зақымдаған субъектіге және туындаған салдарға байланысты он бес-екі жүз елу АЕК көлеміндегі айыппұл қарастырылғанына назар аударғым келеді. Бірақ бұл мүмкін жағдайлардың ең жаманы емес. Егер жерасты кабельдерінің оқшаулауы бұзылса (әсіресе топырақты қолмен қазу кезінде), электр тоғы адамға зақым келтіруі мүмкін және бұл жағдайда ештеңені түзету мүмкін емес. Жыл басында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде апаттық жағдайларды болдырмау үшін біз үйлерге қызмет көрсететін ұйымдарға іс-қимылдардың толық тәртібі жазылған жадынамаларды жібереміз. Анықталғандай, кейбіреулер өз жұмыстарын бастамас бұрын ұзақ келісу процесінен өту қажеттілігі туралы мүлдем білмейді».
Маманның айтуынша, кейде жеке тұтынушылар үйдің жанына ағаш отырғызу кезінде де кабельдік желіні зақымдауы мүмкін. Кабель тікелей үйдің жанына тартылған кезде және оған бұдан бұрын зақым келмеген жағдайда тұрғындар үйлерінің аумағында коммуникациялардың өтетінін де білмейді.
Қала аумағы жерасты коммуникацияларына толы, сондықтан жер қазу жұмыстары аса сақтықпен, барлық қажетті құжаттарды рәсімдеумен және белгіленген нормаларға қатаң сәйкестікпен жүргізілуі тиіс.