Жыл сайынғы «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы 25 наурыз күні сағ. 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді. Бұл күні планетамыздың экологиялық мәселелеріне назар аудару үшін миллиондаған адамдар үйлеріндегі жарықты сөндіреді.


Жыл сайын Жер сағатына орай барлық елдер мен қатысушы қалаларда ескерткіштердің, муниципалдық және коммерциялық мекемелердің және акцияға қатысатын басқа ұйымдардың жарықтандыруы өшіріледі. Кез келген адам акция қатысушысы бола алады - бұл үшін жер ресурстарына деген алаңдаушылығыңызды білдіру үшін үйіңіздегі немесе пәтеріңіздегі электр қуатын бір сағатқа өшіру қажет.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері де «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады.
Пданетамызға бұдан басқа көмек көрсету жолдары:
1. Барлық тұрмыстық қалдықтарды сұрыптай отырып, қоқысты дұрыс тастау.
2. Суды үнемдеу - тұщы су планетамызда жалпы су мөлшерінің тек 2,5-3%-ын құрайды.
3. Мүмкіндігіңізше, көліктің орнына велосипедпен жүру - пайдаланылған газдар ауаны ластайды.
4. Улы тұрмыстық химиядан бас тарту - химия топырақта ұзақ уақыт сақталады.
5. Пластмассаны пайдалануды азайту - қаптамаларды жан-жаққа тастамау.
6. Табиғатты аялау - ағаш отырғызу, таза ауада демалғаннан кейін қоқысты жинау, балаларды планетамыздың ресурстарына ұқыпты қарауды үйрету.