«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ерекше назар аударады, компаниялар тобының жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау саласындағы ең жауапты қызметкерлері компаниялар тобының бас директоры атынан марапатқа ие болды. 22 қызметкерге Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар берілді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеу аясында ең жауапты қызметкерлерін марапаттады. Басқарманың мәжіліс залында қызметкерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
«Жыл сайын біз Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеміз, іс-шараның негізгі мақсаты өндірістегі жазатайым оқиғалардың және қызметкерлердің ауруға шалдығуының алдын алу. Компаниялар тобы жыл бойы түрлі мамандықтар мен лауазымдардағы қызметкерлердің жұмысын бақылап, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігіне қосқан үлестері үшін ынталандырады. Жалпы кеңесте біз «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ түрлі кәсіпорындарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласына елеулі үлес қосқан 22 маманын марапаттадық», - деп баяндады қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.
Сонымен қатар, Халықаралық еңбекті қорғау күніне орай ҚжЕҚБ мамандары компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында «Қауіпсіздік - балалар көзімен» тақырыбында бейнероликтер байқауын өткізді. Жас режиссерлер лайықты сыйлықтарға ие болды.