Бүгін, 2024 жылғы 1 ақпан күні «ПЭТК» АҚ өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. 6 онжылдық ішінде кәсіпорын тарихында көптеген оқиғалар болды.
Компания тарихы 1964 жылғы 1 ақпаннан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 9 қаңтардағы өкіміне және Қазақ КСР энергетика және электрлендіру министрінің 1964 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес «Целинэнерго» РМ Павлодар электр желілері басқармасы құрылған кезден бастауын алады.
1998 жылғы 29 қаңтарда «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ құрылды.
1999 жылғы қаңтар айында кәсіпорын ашық акционерлік қоғам болып, ал 2003 жылғы 30 желтоқсанда акционерлік қоғам болып қайта тіркелді.
Қазір Павлодар ЭТК алдына өзекті міндеттер қоятын және оларды табысты іске асыру үшін әлеуеті бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан және әлеуметтік жауапты компания болып табылады. Бүгінгі таңда компания Павлодар облысының 232 898 тұтынушысына қызмет көрсетеді, «ПЭТК» АҚ балансында 15 000 км-ден астам электр желілері, 180 бірлік қосалқы станция, 26 тарату пункті, 3 513 трансформаторлық қосалқы станция және жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар бар.