Энергетика саласының ұзақ жылғы дәстүріне сәйкес, олар Наурыз мерекесін бірге тойлайды. Биыл да солай. Компания басшылығы мен бұрынғы әріптестермен әңгіме, жылы лебіздер мен мерекелік думан ардагерлердің жанын жадыратып, көңілдерін көтеріп тастады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ғимаратына жиналған ардагерлер компанияның Басқарма Төрағасы міндетін атқарушы Олег Перфиловтың құттықтауын тыңдап, жылы лебізіне қанықты. Ол кеш қонақтарын Павлодар энергокешенін құру және дамыту жұмсытарына атсалысқан еңбектері үшін алғыс айтып, Павлодар 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қайта құру және жаңғырту жобаларын жүзеге асыру жоспарларымен де бөлісті. Олег Владимирович алдағы уақытқа жоспарланып отырған жұмыстар ауқымы жөнінен бұған дейін атқарылған жұмыстардың бәрінен де асып түсетінін атап өтті.

Ардагерлер өз кезегінде Олег Перфиловқа көңіл бөлгені мен қамқорлық танытқаны үшін алғыстарын жаудырып, энергетика саласының заманауи индустрия мамандарының арқасында дамып, көркейіп келе жатқанын мақтан ететіндерін жасырмады.

Олег Владимирович ардагерлерді жалпыстанциялық құрылғыларды жаңғыртудың бірінші кезең жұмыстары аяқталған кезде 3-ЖЭО-на экскурсия жасауға шақырды (келер жылы станцияда 2 турбинаны ауыстыру жоспарланып отыр).

Наурыз мерекесімен кеш қонақтарын 2-ЖЭО және 3-ЖЭО бұрынғы директорлары А. Н. Зырянов пен Б.П. Баранов құттықтады.

Кең жайылған дастархан басында ардагерлер дәстүрге сай, жарқын көңілмен көктемді, жыл басын қарсы алды. Жамал Омарованың орындауында қазақ тіліндегі танымал да сүйікті әндер тыңдалды.
Кешке қатысушылар қарыздар боп қалмады, жылы лебіздерімен шашу шашты.

Валентина Насонова:

– Мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі, менде өмір бойы өзім сүйетін жұмысым, ұйымшыл ұжымым болды. Бүгінде зейнет демалысындамын, алайда бізді әр мереке сайын шақырып, қонақ етеді, құрметтейді. Әрине, мұның бәрі қымбатқа түседі. Мен үшін мұндай ілтипаттың орны ереке. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басшылығына қамқорлықтары үшін алғысымды білдіремін.

Константин  Чахалов:

– Энергетика – маңызы зор сала және соған қатысым болғаны үшін мен өзімді бақыттымын деп есептеймін. Әрине, бүгінде біздің орнымызға жас та, жаңашыл буын өкілдері келді. Ал біз тиісті зейнет демалысындамыз, бұл да жақсы. Алайда жанымызға жақын кәсіпорынмен байланыс үзілген емес, үйімізге жеткізіп беретін «Энергетик» газеті арқылы өндірістегі бар жаңалықтардан құлағдар болып отырамыз. Жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр, кімнің мерейтойы өтуде, өндірістегі үздіктер кімдер екенін – бәрін-бәрін оқимыз. Оның бәрі біз үшін қызықты.

Ал мереке үшін алғысымыз тіпті зор. Тағам дәмді әзірленген, еттің дәмі тіл үйіреді. Энергетиктерге денсаулық, бақыт, шаттық, ал Қазақстанымызға бейбітшілік тілеймін.

Жамал Омарова:

– Наурыз – менің сүйікті мерекем. Оған арнайы дайындалу қажет. Адамдарға деген жылы сезімдер, жер бетіндегі жан-жануарға деген махаббат жүректен, тереңнен шығуы тиіс. Мұндай мереке кезінде бүкіл әлемді құшағыңа қысқың келеді. Әрине, мереке өзіңнің сүйікті кәсіпорныңның қабырғасында өтіп жатса, қуаныш екі еселене түсетіні тағы бар. Ерекше, әдемі күн ұйымдастырып бергендері үшін мың алғыс. Наурыз мейрамы құтты болсын!
                                                                                    

Светлана Алтайская