Қадірлі қазақстандықтар!
Сіздерді айрықша мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция қазақстандықтардың бостандық, теңдік пен келісім мұратына деген бейілділігін, сондай-ақ біздің бүгінгі және болашақ ұрпақтың алдында жоғары жауапкершілігімізді нығайтты. Біз, энергетиктер, өзіміздің белсенді, мақсатқа бағытталған, жасампаз еңбегімізбен мемлекеттің негізгі заңында айқындалған мемлекет қызметінің негізін қалаушы қағидаттар: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды бекітуге өз үлесімізді қосамыз.
Сізге мықты денсаулық, құт-береке, ашық аспан, әрбір шаңыраққа шаттық тілеймін! Сәттілік пен табыс әрдайым сізге серік болсын!
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
Басқарма Төрағасының м.а. Олег Перфилов