Компанияның 50-жылдығы мерейтойы қарсаңында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар облысының энергетикалық саласы туралы мақалалар және фотосуреттер жариялаған журналистер мен фотографтарды марапаттады.
Журналистердің арасында үздігі болып «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі Сергей Горбуновтың өңірдің энергетика объектілерін модернизациялауға арналған жарияланымдары танылды; екінші орын Павлодар қаласын жылумен жабдықтауға арналған мақалалар сериясы үшін облыстық «Сарыарқа Самалы» газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаевқа берілді; электр желілеріне қуатты есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу туралы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы Павлодар филиалының журналисі Құралай Рахымжанова дайындаған хабары үшінші орынды иеленді.
Фотосуреттер байқауында белгілі павлодарлық фотограф Владимир Бугаев жеңімпаз атанды, екінші орынды Ризабек Исабековтың жұмыстары иеленді. Үшінші орын өнеркәсіптік пейзаждың шебері Николай Кузнецовтың фотосуреттеріне берілді. Марқұмның жұмыстарын фотографтың әйелі Вера Ливинцова жіберген болатын.
Журналистер мен фотографтарды марапаттау рәсімін энергетика ардагері, «энергетика жылнамашысы» Альберт Сафарбаковтың кітабының тұсаукесері жалғастырды. Кітапта Павлодардың Ертіс өңірінің энергетика саласының сонау ХVIII ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы баяндалған. Бұл компанияның 50-жылдық мерейтойына арнайы басылып шығарылған екінші кітап. «Павлодар облысы энергетикасының қалыптасуы және дамуы» атты алғашқы кітабы 2003 жылы жарыққа шыққан.
«Бұл кітап - энергетиктердің бірнеше ұрпақтарының айтуымен жазылған өңір тарихы, - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың Бас директоры Олег Перфилов. – Энергетика мәселелері туралы жазатын журналистер үшін Альберт Сафарбаковтың кітабы бүгінгі күні энергетика саласында болып жатқан үдерістерді жақсырақ түсінуге көмегін тигізеді деген сенімдемін».