«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдумға қатысуға шақыруды қолдады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, «ПРЭК» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС компания тобының өкілдерімен кездесу өтті.
Компания тобының қызметкерлері үшін 5 маусымдағы референдумға қатысу - бұл маңызды әрі жауапты қадам, өйткені елдің Негізгі Заңы мемлекеттің ұзақ жылдарға даму жолын алға қойып, келешектегі өзгерістердің негізін қалайды. Қызметкерлердің алдағы іс-шара және дауыс беру процесінің ерекшеліктері туралы хабардар болуын арттыру мақсатында мамандар алдында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев сөз сөйледі.
«Референдум Демократиялық қайта құрудың маңызды элементі болып табылады. Бұл ҚР Конституциясының маңызды мәселелері бойынша дауыс беруде көрініс табатын ауқымды процесс болады», - деді кәсіподақ төрағасы.
Түсіндіру кездесулері барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына қатысты өз ойларымен және ұстанымдарымен бөлісуге мүмкіндік алды. Парламент рөлін күшейтуге және Қазақстан жері мен жер қойнауын халыққа тиесілі деп жариялауға бағытталған түзетулер қызметкерлердің ерекше назарын аударды.
«Қазақстанның әрбір азаматына еліміздің тарихына қатысуға бірегей мүмкіндік беріледі. Сондықтан, менің ойымша, дауыс беруге белсенді қатысып, оған жауапкершілікпен қарау керек», - дейді 3-ЖЭО химиялық зертханасының инженер-зертханашысы Яна Марцынкевич.
Айта кетейік, референдум еліміздің барлық аумағында өткізіледі. Оған қатысу ерікті. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді referendum.gov.kz сайтынан біле аласыз.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.