5 тамыз бен 27 тамыз аралығында «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-ЖЭО күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрал-жабдықтардың жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты Оңтүстік желілік аудандағы үйлерде ыстық су болмайды.

7 тамыз бен 11 тамыз аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-дан шығатын желілерге гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Осыған байланысты Солтүстік желілік аудандағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.

Тұрғын үйлерді ыстық суға қосу уақыты сынақ жүргізу барысында анықталған ақаулардың мөлшеріне байланысты болады. Гидравликалық сынақтан кейін ақауларды жөндеу кестесі жарияланады.

Осы кезеңде жылу желілері өтетін жерлерде абай болуларыңызды сұраймыз. Барлық анықталған ескертулер мен ереже бұзушылықтар бойынша мына нөмірлер арқылы хабарласуға болады: тел. 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчерлік қызметі); тел. 63-01-13 (жұмыс аймағы).