Астана, Павлодар және Петропавл қалаларының энергетик-футболшыларымен қатар Беларусь республикасынан келген қонақтар да бірінші орын кубогі үшін күресті. Ауыспалы кубокты спорттың үш түрінен бірінші жалпы командалық орынға ие болған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы жеңді.

Жарыс 3 бағыт бойынша өткізілді: мини-футбол, үстел теннисі және бильярд. 9 команда қатысты: ОАЭК - Green Energy біріккен командасы; «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамасы; «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамасы; «АЭҮК» АҚ құрамасы; «Астанаэнергосбыт» ЖШС; «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС; «EurasianTech» ЖШС; «Казахтранссервис» АҚ құрамалары; және спартакиаданың арнайы қонақтары «Минскэнерго» РУК командасы.

Екі айқасты күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте «СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ командасы спартакиада жеңімпазы және ауыспалы кубок иегері атанды.

Мини-футбол бойынша алтын және кубокты Беларусь Республикасының «Минскэнерго» РУК командасы иеленді; екінші орынға «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ футболшылары ие болды; жарыстың құрметті қола жүлдесін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ спортшылары алды.

Үстел теннисінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ үздік атанды; күмісті «АЭҮК» теннисшілері; қола жүлдені ОАЭК - Green Energy біріккен командасы иеленді.

Бильярд жарысында бірінші орынға «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бас директоры Талгат Аргинов ие болды; екінші орын үшін марапатты «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Багдат Орал; үшінші орынды «Энергетик» теннис орталығы» ЖШС басшысы Алмаз Рахимжанов алды.

 

Сонымен қатар төмендегі номинациялар аталды:

Теннис
«Үздік ракетка» - Султан Темиргалиев, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
«Үздік беріс» - Анель Нуркаева, «Казтранссервис» ЖШС
«Үздік ойын стратегиясы» - «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы
«Көрермендер көзайымы жүлдесі» - ОАЭК - Green Energy біріккен командасы

Бильярд
«Ең жылдам және дәл талқандау» - Алмаз Рахимжанов, «Энергетик» теннис орталығы» ЖШС
«Ең ұзын серия» - Талгат Аргинов, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
«Ең алыс соққы» - Багдат Орал, «ОАЭК» АҚ
«Ең дәл соққы» - Игорь Жур, Беларусь энергетика, газ және отын өнеркәсібі кәсіптік одағы

Мини-футбол
«Үздік қақпашы» - Николай Максимов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
«Үздік шабуылшы» - Адильбек Абылкаир, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
«Үздік ойыншы» - Василий Ефимов, «Минскэнерго» РУК
«Көрермендер көзайымы жүлдесі» - Нурболат Сарбасов, ОАЭК - Green Energy біріккен командасы