2022 жылғы 17 маусымда Нұр-сұлтан қаласында өткен Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағының Орталық Комитетінің IV Пленумында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, сондай-ақ энергетиктердің жалақысы деңгейінің нақты сектордың басқа салалары қызметкерлерінің жалақысымен теңдеу мәселелері талқыланды. Пленум жұмысына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.Утешев, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы А. Шангитбаев және Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары Р. Спанов қатысты.
Пленум әлеуметтік әріптестік жылында көзделген іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған Салалық келісімнің бөлімдерін іске асыру аясында энергетика саласы кәсіподағының одан әрі жұмысының өзекті мәселелерін қарады. Пленумдағы басты тақырып жалақыны көтеру мәселесі болды. Оразбек Бекбас Атқарушы комитет аппаратының осы бағыттағы жұмысы туралы егжей – тегжейлі айтып, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың материалдық мазмұнды жақсартудағы елеусіз қадамдары инфляциямен нивелирленетінін, ал кәсіподақтың басты талабы-энергетиктердің жалақы деңгейінің нақты сектордың басқа салалары қызметкерлерінің жалақысымен теңдеуі назардан тыс қалатынын атап өтті. Салалық көшбасшы Орталық Комитеттің Қазақстан Республикасының Президентіне электр энергетикасында жинақталған проблемаларды кешенді шешу туралы өтінішін қабылдауды ұсынды.
Пленумда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, әлеуметтік әріптестік жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары және т.б. мәселелер тыңдалды.
Сондай-ақ пленум барысында жаңадан сайланған энергетикалық кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын таныстырды, шығып қалғандардың орнына Орталық Комитеттің жаңа мүшелері сайланды. "Павлодарэнерго "энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев Қазэнергокәсіподақ ОК құрамына сайланды.