Құрметті павлодарлықтар!

Мамыр айының осы күндерінде біз ерекше маңызы бар мерекелерді атап өтеміз. Адалдық пен ар-намыс, ерлік пен батылдық мерекесі - Отан қорғаушылар күні. Және халықтың жанқияр ерлігі, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні! Біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған майдангерлердің ерлігі арқасында жаңа ұрпақ бүгінде достық пен келісімде өмір сүріп, балаларын тәрбиелеп, асыл армандарын іске асыруда.

Сіздерді осы тамаша мерекелермен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!