Компания жаңалықтары
Үйлерді жылумен қамтамасыз ету: үйді жылыту маусымына дайындау
Павлодар облысы өзінің болжап болмайтын климатымен ерекшеленеді. Ыстық жаз нөсер жаңбырмен ауысып, ал қыста термометрлердің бағандары -10°-тан -40° аралығында ауытқуы мүмкін. Тек бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалады: Ертіс өңірінің әрбір тұрғыны суық мезгілде үйлерінің жеткілікті жылытылып, жылумен қамтамасыз етуде іркілістер болмай, шүмектерден ыстық су аққанын қалайды. Қыстың қамын жаз ойла демекші, жылу желілері қызметкерлері магистральдік және орамішілік желілердің дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізуде, сынақтан кейін анықталған ақауларды түзетіп, тозығы жеткен желі учаскелерін жаңаларына ауыстыруда. Алайда жылыту маусымына дайындық - бұл ұжымдық жұмыс екендігін ұмытпау маңызды, әр пәтер иесі жылуды қабылдауға өз үйін, пәтерін, бөлмелерін дайындау қажет.
Толығырақ"Иртышские зори": өзен жағасындағы мотофестиваль
Мичурино ауылындағы «Энергетик» демалыс үйі үшін «Ертіс таңдары» тақырыптық фестивалін өткізу дәстүрге айналды. 28-30 шілде аралығында демалыс үйі базасында жыл сайынғы мотоцикл мен драйв әуесқойларының слеті өтті. Іс-шараны «Гараж» мотоклубы ұйымдастырды.
Толығырақ
.jpeg)
.jpeg)