Тұтынушылармен жұмыс істеу жөніндегі штаб

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да «Тұтынушылармен жұмыс істеу жөніндегі штаб» жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз, бұл Компания қызметінің тұтынушыларымен серіктестік қатынастарды дамытуға арналған Компанияның ішкі қадағалау органы болып табылады. Жаңа орган азаматтардың ерекше қызығушылығын тудыратын өзара әрекет етудің үш бағытына ерекше көңіл бөлетін болады. Біріншіден, тұтынушылардың таратып бөлу электр желілеріне қосылу мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштері қарастырылатын болады. Абоненттермен қарым-қатынастардың тағы бір бағыты электр және жылу қуатымен қамсыздандыру сенімділігіне және сапасына қатысты. Үшіншіден, электр қуатымен қамсыздандыруға арналған шарттарды, сатып алу-сату шарттарын жасауға және орындауға байланысты тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы жөніндегі, сондай-ақ есепке алу аспаптарымен жұмыс істеу жөніндегі клиенттердің өтініштері толықтай зерттелетін болады.

Тұтынушылармен жұмыс істеу жөніндегі штаб бүкіл Павлодар облысындағы (Екібастұз қаласынан және Екібастұз ауданынан басқа) тұтынушылардың шағымдарын қадағалауды жүзеге асырады. Тұтынушылардың шағымдарын алу жұмыстарын ұйымдастыруды қадағалайтын штаб үнемі жұмыс істейді.




Введите этот код:
Код проверки

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарда балағат сөздер болған жағдайда, әлдекімге тіл тигізілген жағдайда, сондай-ақ ҚР заңнамасына сай ақпараттың ашық көздерінде жариялауға тыйым салынған өзге де ақпарат болған жағдайда, мұндай хабарлар жарияланбайды.

Барлық жазбаша өтініштер түсінікті әрі нақты жазылуы тиіс және Компания мен оның еншілес қоғамдарының қызметіне қатысты болуы тиіс.

Хабарларды тек орыс немесе қазақ тілдерінде, кириллица әріптерімен жазу қажет, латын әріптерімен жазылған хабарлар қарастырылмайды. Модератор сұрақтың стилистикасы мен тыныс белгілерін сақтайды, хабарды түзетпейді.

Мәселені егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін кейбір жағдайларды қоспағанда, тұтынушының сұратуына жауап беру мерзімі сұрату келіп түскен сәттен бастап бір айдан аспауы тиіс, қандай болған жағдайда да сайтта сұрату қалдырған адамның электрондық мекенжайына хабардың қазіргі күйі және сайтқа сұрақ жауабының жарияланғаны хабарланатын болады. 

Сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Интернет-ресурстарда Компанияның тұтынушылардың сұратуларына берген жауаптарын қандай да болмасын тәсілмен жариялауға (көшіруге) тыйым салынады. Бұзушылықтар сот тәртібімен қарастырылатын болады.

Алдын ала «Сұрақтар мен жауаптар» бөлімімен танысып шығуды ұсынамыз.