Құрметті  қыз-келіншектер!

Сіздерді  нәзіктік пен сұлулықтың символы 8 Наурыз мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Күн әлі де салқын, жерде қар жатқанымен, ауадағы көктемнің алғашқы белгілері көңіл аудартпай қоймайды. Сіздердің де жандарыңыз әрдайым көктемнің жылы шуағына бөлене берсін!  

Сіздерге мықты денсаулық, бақытты өмір, таусылмайтын махаббат тілеймін! Жан жарасымы, тұрақтылық әрдайым сіздермен бірге болсын, ойлаған тілектеріңіз әрқашан орындалсын!

Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ бас директоры