Қымбатты ханымдар!

Көктемнің ғажайып мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер – Жер бетіндегі барлық әсемдіктің символысыздар. Отбасы жайлылығы сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жақындарыңызды қамқорлық пен мейірімге бөлей отырып, кәсіби міндеттеріңізді де тамаша атқара білесіздер. Сіздердің жан-тәндеріңізбен беріле істеген күнделікті еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын!

Сіздердің алға қойған мақсаттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспін, жақындарыңыз да өздерінің табыстарымен және жетістіктерімен Сіздерді қуанта берсін демекпін. Отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік пен өзара түсіністік, амандық-саулық болсын!

Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры