7 мамыр — халқымыз үшін айрықша күн. Бұл күні біз қазақстандықтардың ерліктері жылнамасын еске алып, Отанға қызмет етудің дәстүрлер сабақтастығын мақтан етеміз.

Қай уақытта болмасын, әскери қызмет қасиетті міндет, азаматтың ардақты ісі, ерлік пен қайсарлықтың мектебі болып табылады. Бүгінгі күннің сарбаздары әскери тапсырмаларды орындай жүріп, құқықтық тәртіпті қорғай отырып, бейбітшілік күнде де батырлық көрсетеді. Сондығымен олар тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілеттілігін күшейтуге зор үлестерін қосуда.   

Еліміздің Қарулы күштерінің бүгінгі өкілдері – Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қан-төгіс ұрыстарда өшпес ерлік көрсетіп, жеңіске жеткен аға буынның, атақты ата-әкелеріміз бен ұлы аталарымыздың істерін лайықты жалғастырушы.

9 Мамыр  күні біз жеңімпаз батырларымызға бас иіп, құрмет көрсетеміз. Олардың батылдығының, қайсарлығының арқасында бүгін біз бейбіт аспанның астында өмір сүріп, еңбек етіп жүрміз, ұрпақ тәрбиелеудеміз. Шайқас  даласында қаза тапқан, тылда еңбек етіп, соғыстан кейін қираған елді көтерген ата-бабаларымыздың ерліктері мәңгі сақталсын!

Барлықтарыңызға бейбітшілік және амандық, денсаулық және табыс тілеймін! 

Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры