«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жұмыс істей бастағанына биыл 55 жыл. Жарты ғасырдан астам компанияның басты мақсаты Павлодар Ертіс өңірінің сапалы және үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Қазақстан энергетикасының жеке секторының кәсіпорындары арасында ең ірі инвестициялық бағдарламалардың бірін жүзеге асыруда. 2010–2020 жылдарға жоспарланған инвестиция көлемі 124,5 млрд теңгені құрайды.