Екібастұз ЖЭО жұмысшыларының хаты ретінде БАҚ және жергілікті билік органдарына ұсынылған мәлімдемеге орай, 2019 жылғы 4 ақпанда «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС және жылу-электр орталығы басшыларының қатысуымен баспасөз мәжілісі өткізіліп, қатысушыларға ЖЭО-ның жай-күйі көрсетілді. Баспасөз мәжілісінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, еңбек жағдайлары, ЖЭО жабдықтарын жаңғырту бойынша инвестициялық бағдарлама бойынша мәселелер баяндалды. Сондай-ақ, шарада БАҚ және әлеуметтік желілерде таралған видео мен мәлімдеменің 2012-2013 жылдары түсіріліп, жазылғаны да айтылып, станциядағы жабдықтардың жай-күйі мен жарақаттану жағдайы туралы ақпарат шындыққа сай келмейтіні сөз етілді. Кездесуге Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Жазылбек, Павлодар облысы энергетика, ТКШ басқармасының жетекшісі, Екібастұз қаласы әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ, қала жұртшылығы қатысты.

Екібастұз ЖЭО қаланы жылумен тұрақты қамтамасыз етеді. Энергетикалық жабдықтың сенімділігі бірінші деңгейлі істен шығумен анықталады. Мұндай істен шығулар станцияда 2014 жылдан бері болған жоқ. Кәсіпорында қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жоспарлы жұмыс жүргізіледі. 2015 жылдан бері жарақаттану деңгейі 50%-ға қысқарды. 2016 жылғы қыркүйектен бері компаниялар тобында өліммен аяқталған оқиғалар орын алған жоқ.

2019 жылғы 26 қаңтарда болған қайғылы оқиғаны қазіргі таңда комиссия зерттеп жатыр. Сарапшылар ретінде комиссия құрамына ҚР ИДМ Павлодар облысы бойынша ИДӨҚД өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша бас маманы мен Павлодар облысы бойынша энергетикалық қадағалау және бақылау департаментінің бөлім жетекшісі енген. Қайғылы оқиға жайлы алғашқы мәлімет «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сайтында жарияланаған. Болған оқиға бойынша зерттеу аяқталмай және ресми қорытынды жасалмай, компания кеңірек ақпарат беруге құқылы емес. Мұны қайғылы оқиғаны зерттеу бойынша мемлекеттік комиссияның өкілдері де растады.

26 қаңтар күні қайғылы оқиға нәтижесінде қайтыс болған жұмысшының туысқандарының  сұрақтары мен пікірлері де тыңдалды. ЕЖЭО директоры Виктор Вебер мен «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директоры Александр Захарьян өндіріс, еңбекті төлеу, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты сұрақтарға кеңінен жауап берді. Сондай-ақ, журналистерге қайтыс болғаны жұмысшының отбасына көрсетілетін материалдық көмек туралы ақпарат берілді.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

«Біз кәсіпорында болған жарақаттану жағдайлары жасырылады деген мәлімдемені түгелдей жоққа шығарамыз, - деді «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директоры Александр Захарьян. – Бұл – стратегиялық нысан. «Күзет» қорғау қызметінен бөлек, станцияда күні-түні полиция өкілдері қызмет етеді. Олардың қатысуынсыз жарақат алған жұмысшыны шығару не кіргізу немесе «жедел жәрдем» қызмет көлігінің келуін ұйымдастыру мүмкін емес. Олар өз міндеттемелеріне сәйкес, апат не қайғылы оқиға орын алған жағдайда нысанның орналасқан жері бойынша атқарушы органдарға хабар беруі тиіс».

ЕЖЭО-нда ұдайы түрде жұмыс орындарының жағдайына тексеру (аудит), жабдықтарға қызмет көрсету алаңдарын жөндеу, жұмыс орындарын жарықтандыру, қызметкерлермен жұмыс (оқыту, инструктаждар), энергетикалық жабдықтардың диспетчерлік атауларын ережеге сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 5 жылда кем дегенде бір рет жұмыс орындары аттестациядан өткізіледі. Соңғы жүргізілген аттестация нәтижесіне сәйкес, өндрістік қызмет жүзеге асырылатын жағдай және нақты жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті бағалау – тиісті норма шеңберінде.

ЕЖЭО ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Екібастұз ЖЭО инвестициялық бағдарламасын орындау аясында 2009-2018 жылдары келесі ірі шаралар жүзеге асырылды:

  • 2009 ж. - №1турбинаны монтаждау– 800 млн теңге;
  • 2010–2012жж.- №№ 5, 6, 7, 8, 9 қазандықтарының батареялық эмульгаторларын монтаждай отырып, күл аулаушы құрылғыларын қайта құру – 190 млн теңге. Жаңа деңгейлі КАҚ енгізу түтін газдарын тазалау деңгейін 96 %-дан99,6 %-ға көтеруге мүмкіндік берді;
  • - 2010 ж. - № 3түтін тұрбасын қайта құру– 138 млн теңге.Айта кету керек, Екібастұз ЖЭО-на мұндай ауқымды түтін тұрбасын қайта құру жұмыстары тұңғыш рет жүргізілді;
  • - 2010 ж. Екібастұз ЖЭО-нда электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді;
  • - 2012 жылдан бастап ЕЖЭО күл үйіндісінің екінші кезегі салынуда;
  • - 2014 ж. - № 6қазандықты ауқымды қайта құру аяқталды, бұл оның өнімділігін сағатына 90 тонна буға арттырып, қазандықтың ПӘК-н 88,5%-дан90%-ға арттыруға, сондай-ақ, азот оксиді шығарылымдарын азайтуға мүмкіндік берді. Жобаның жалпы сомасы - 1,3 млрд теңге;
  • -2015 ж. - №№ 9, 13, 15 қазандықтарына күрделі жөндеу, № 8 қазандығына кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары. 

Бүгінгі таңда қазандық агрегаттарының физикалық тозуы– 45,6%.

Турбоагрегаттың физикалық тозуы – 32,2%.

Станцияның негізгі жабдықтарының физикалық тозуы – 43,7%.

Осылайша, станцияның негізгі жабдықтары өзінің рұқсат етілетін ресурстарының жартысын да жұмсап бітірген жоқ.

ЕЖЭО бойынша «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің инвестициялық жоспарына келесі шаралар енген:

  • №№ 5, 7, 8 и 9 қазандықтарын бу өнімділігін 90 т/с-қа арттыра отырып, жаңғырту;
  • орнатылған электр қуаты 30 МВт №2 турбоагрегатты монтаждау.

Инвестициялық бағдарлама қуаттылық нарығынан немесе кәсіпорынның оң өтімділігі жағдайында инвестициялық кредит алынған жағдайда жүзеге асырылады.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ САЯСАТЫ

Қазіргі таңда «Екібастұзжылуэнерго» қызметкерлерінің саны 712 адам, оның ішінде Екібастұз ЖЭО бойынша – 418 адам. Штаттың жиынтықталу деңгейі 90%. 2013 жылдан бері қызметкерлерді қысқарту болған жоқ және қысқарту жоспарда да жоқ.

Компанияда жұмысшы қызметкерлердің жалақысына қосымша және үстемеақы беру жүйесі бар. Олар кәсіби шеберлік, қызмет көрсету аясының кеңеюі, міндеттерді қоса атқару, бригаданы басқару, жұмыс уақытынан тыс уақыттағы еңбек және демалыс күнгі жұмыс үшін беріледі. Барлық төлемдерді төлеу қатаң бақыланады.

ЖЭО-ндағы жалақы ең жоғары деңгейде емес, бірақ бәсекеге қабілетті: негізгі процесс жұмысшыларының орташа жалақысы 152 мың 416 теңгені құраса, мамандардікі – 142 мың 380 теңге. ЖЭО қызметкерлері тұрақсыздығының орташа жылдық коэффициенті 9,1% (ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша рұқсат етілетін қызметкерлердің тұрақсыздық деңгейі 15%).

Екібастұз ЖЭО 60 жылдығын атап өткеніне қарамастан, бұрынғыша берілген қысымды тұрақты деңгейде игеріп, қалыпты жұмыс істеуде. Видео және жазбаша хатта станция қызметкерінің атынан деп көрсетілген мәселелер бірнеше жыл бұрын маңызын жойған. Станцияда ЖЭО-ның тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қажетті жабдықтарға күрделі және кеңейтілген жөндеулер жүргізілуде және бұл жұмыстар жалғаса бермек. Мүмкіндікке қарай, станциялық жабдықтарға жаңғырту жұмыстары да жүргізіледі.

Қоғаммен байланыс бөлімі
Телефон (8 7182) 39 98 70,
pr@pavlodarenergo.kz
www.pavlodarenergo.kz