ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес 2017 жылғы 11 шілдедегі «ҚР электр энергетика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  № 89-VI Заңымен енгізілген өзгертулер есебімен тұтынушылардың барлық санаттарына (жеке және заңды тұлғалар) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер жойылған. 

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы өз тұтынушыларына 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тұтынылған электр энергиясы үшін есептеулерге есеп айырысу кезінде жеке тұлғалар үшін есептеу тұтыну көлеміне байланысты қолданыстағы сараланған тарифтер бойынша, ал заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаларға арналған босату тарифі бойынша жүргізілетіні туралы хабарлайды. Сонымен қатар тұтынушылардан көп құрылмалы есептеу құралдарын қайта бағдарламалау талап етілмейді.  

Барлық мәселелерге қатысты 8 (7182)   903-309,  39-96-40,  39-98-19,  39-96-74 телефондары бойынша хабарласуға болады.