Баспасөз орталығы

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық, өндірістік, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық қызмет саласында ақпараттық ашықтық саясатын ұстанады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ақпараттық ашықтық саясатының мақсаты – Компания қызметін тұтынушыларға, акционерлерге және ықтимал инвесторларға Дамыту стратегиясы және инвесторлармен жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мүмкіндігінше толық ақпарат беріп, хабарлау.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ақпараттық ашықтығының негізгі принциптері

Тұтынушылармен, электр энергетикасының субъектілерімен, инвесторлармен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ төмендегідей негізгі принциптерді ұстанатынын мәлімдейді:

  • басқару жөніндегі шешімдерді қабылдаған кезде ашықтықтың жоғары деңгейі;
  • қаржылық есептіліктің транспаренттілігі;
  • Компанияның инвестициялық дамуы ашықтығының жоғары деңгейі;
  • Барлық мүдделі тұлғаларды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ны және оның еншілес қоғамдарын дамытудың жоспарланып отырған іс-шаралары туралы шынайы және оперативтік мәліметтермен қамтамасыз ету.

Осыған орай тұтынушыларды, акционерлерді және инвесторларды хабардар етудегі негізгі рольді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімдері атқарады, ұйымның корпоративтік сайтының да бұған қосар үлесі зор. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның сайтында төмендегілер көзделген:

  • Компанияның дамуына байланысты оқиғалар туралы ақпарат беру;
  • ҚР тиісті мемлекеттік органдарына Компанияның дамуы жөніндегі құжаттарды беру;
  • Мемлекеттің электр энергетика субъектілерінің, Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті мемлекеттік атқарушы билік органдарының сұратулары бойынша Компанияның қызметі туралы ақпаратты беру.

Кәсіпорынның қызметкерлерін Компанияда, аймақта, мемлекетте болып жатқан оқиғалардан, жеке жетістіктерден хабардар ету, ақпаратпен алмасу мақсатында Павлодар қаласында айына бір рет «Энергетик» атты корпоративтік газет шығарылады. Басылым беттерінде ақпараттық-аналитикалық сипаттағы материалдар, Компания оқиғаларының репортаждары, бөлімшелер басшыларының сұхбаттары, кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар және энергетика саласының майталмандары туралы очерктер, энергетика әлемінде болып жатқан оқиғалар, т.б. жарияланады. 

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ баспасөз орталығының маңызды міндеттерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдарында Компанияның қызметі туралы барынша толық, жедел, объективті мәліметтерді қалыстастыруға септігін тигізу.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз орталығы тиісті сұрату бойынша Компания қызметінің мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды ұсынуға, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның және оның еншілес қоғамдарының басшыларымен және жетекші қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын.

Компанияның жаңалықтарын үнемі біліп отыру үшін электронды түрде жазылуды ресімдеу қажет.

Компания туралы ақпаратты, сурет және бейне материалдарын, баспа турларына тіркелу мүмкіндігін алғысы келген тілшілер «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі бөліміне хабарласуы тиіс.

Баспасөз орталығы

Телефон: +7 (7182) 39-98-50

Факс: +7 (7182) 39-98-50

PR@pavlodarenergo.kz