Энергияны үнемдеу

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну жаңа өндірістік қуаттың еңгізілуіне, сонымен бірге тұрмыстық энергияны тұтынудың тұрақты өсуіне байланысты жылдан жылға өсіп келеді.  Алайда электр энергиясын тұтынудың өсуі электр энергиясын өндірудің өсуіне әкеп отыр, демек, ресурстардың соның ішінде жаңғыртылмайтын  ресурстардың көп мөлшері шығындалады. Бұл байланыста аса оңтайлы шешім – энергияны үнемдеу саясатына бейілділікпен қарау, бұл адамдарды электр және жылу энергиясын құнттап тұтыну  тәртібіне келтіреді.

2012 жылы Қазақстанда  қазақстандықтарды энергияны тұтыну мәселесіне құнттап қарауды қалыптастыруға бағытталған «Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру»  Заңы қабылданды. Осы Заңның аясында 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қыздырылу қуаты 100 Вт және жоғары электр шамдарын өндіруге және сатуға тыйым салу еңгізілді, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап  қыздырылу қуаты 75 Вт және жоғары электр шамдарын өндіруге және сатуға тыйым салу еңгізілді, ал 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қаттылығы 25 Вт және жоғары электр шамдарын өндіруге және сатуға тыйым салынатын болады. Осы шам түрлерінің орнына электр энергиясын бірнеше аз тұтатын энергияны үнемдеуіш шамдар пайдаланылатын болады.

Энергиямен жабдықтау саласындағы реформалар  жылу энергиясын тұтынуды да бей-жай қалдырмады. Көп пәтерлі тұрғын үйде тұратын үй-жай және пәтер  иелері Заңға сәйкес энергоаудит, термомодернизация және жалпы үйлік есептеу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтауды өткізудің жалпы шығынына қатысуға міндетті. 

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап орталықтандырылған жылумен жабдықтау тораптарына қосылған  Павлодар қаласының тұтынушылары жылу энергиясын жабдықтау бойынша қызметтерді жылу энергиясын есептеу аспаптарының бар-жоқтығына байланысты сараланған тарифтер бойынша төлейді. Үйлерінде есептеу аспаптары орнатылған тұрғындар жылуды төмен тариф бойынша төлейді (2 есе төмен). Жеке жылу пунктілері бойынша жалпы үйлік есептеу аспаптары бар  жеке тұлғалар бойынша тариф  ҚҚС есебімен Гкал-мен есептегенде 999,24 теңгені құрайды; есептеу аспаптары жоқтар – Гкал-ға  есептегенде 2 027,73 теңгені құрайды.

Орталық жылу пунктілері бойынша жалпы үйлік есептеу аспаптары бар жеке тұлғалар бойынша тариф  ҚҚС есебімен  Гкал-мен есептегенде 1 011,36 теңгені құрайды; есептеу аспаптары жоқ адамдарда – Гкал-мен есептегенде 2 024,55 теңгені құрайды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергияны өзінің қажеттіліктеріне пайдалана тұра, сонымен бірге өзінің кәсіпорындарында энергияны үнемдеу саясатын жүргізеді, тұтынушыларды электр және жылу энергиясын үнемді тұтынуға шақырады.

«Энергияны үнемдеу бойынша жаднама» Сізге электр және жылу энергиясын тұтынуды үнемдеуге көмектеседі,  сондай-ақ Жалпы үйлік қажеттіліктердің есеп айырысу қағидаттарымен Сіз мұнда таныса аласыз.