Басшылық

Щемель Олег Анатольевич

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры

Щемель Олег Анатольевич 1969 жылы 8 қараша күні Беларусь Республикасының Минск қаласында дүниеге келген. Үйленген.

1986 жылдан 1992 жылға дейін Белоруссиялық политехникалық институтының «Электр станциялары» мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта  «Минскэнерго» Минск электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің Минск 4-ЖЭО-да  электр машиналарын жөндеу жөніндегі электрослесарь, аппаратураны, релелік қорғаныс және автоматиканы жөндеу жөніндегі электромонтер, электр цехының өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істеді. 1998 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электр цехының бастығы лауазымына тағайындалды; 2000 - 2007 жылдар аралығында – «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы электростанциясының ауысым бастығы; 2007 жылғы ақпаннан тамыз айына дейін «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорнының «Минск 4-ЖЭО» филиалы  өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

2007 жылы «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары болып тағайындалды; 2013-2019 жылдар аралығында «Минскэнерго» Минск республикалық электр энергетикасы унитарлық кәсіпорны «Минск 4-ЖЭО» филиалының бас инженері лауазымында қызмет еткен.

2019 жылғы ақпаннан қазан айына дейін Минск қаласы «Белэнерго» электр энергетикасы мемлекеттік  өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген; 2019 жылдан 2023 жылғы сәуір айына дейін – «Минскэнерго» Минск республикалық унитарлық электр энергетикасы  кәсіпорнының бас директоры лауазымын атқарған.

2023 жылғы 17 сәуір күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды.

Адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, Беларусь Республикасының энергетикалық жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан жеке үлесі үшін О.А. Щемельге «Выдатнiк Беларускай Энергасiстэмы» құрметті атағы берілген.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасын дамытудағы еңбегі үшін Олег Анатольевичке  «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы берілген.

Лесин Вадим Викторович

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер

1977 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

2000 жылы Қарағанды металлургия институтын «өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.

Үйленген, ұш бала тәрбиелеп отыр.     

Лесин В.В. еңбек жолын 1995 жылы «Испат-Кармет» АҚ кәсіпорнында оттегі өндірісінің ауа компрессиясы учаскесінде компрессорлық қондырғылардың  6-разрядты машинисі лауазымынан бастады. Осы кәсіпорындағы жұмыс өтілі - 22 жыл. Компрессорлық қондырғылардың машинисінен бастап кәсіпорынның бас энергетигіне дейін энергетикалық өндірістің әртүрлі саласындағы өндірістік тәжірибесі мол.

2012 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқармасының бас энергетигі лауазымына тағайындалды.

2012-2014 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқармасы бас энергетигі бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

2014-2016 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЭЦ-ПВС директоры лауазымында электр станцияларын басқарды.

2017 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ бас энергетигі болып тағайындалды.

2018 жылғы 29 қаңтардан бастап «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер лауазымына тағайындалды.

Ахметова Альбина Юрьевна

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Ахметова Альбина Юрьевна 1974 жылғы 11 мамырда Нижегородск облысының Выкса қаласында туған.

1991-1993 жылдар аралығында №15 Павлодар кәсіптік-техникалық училищесінде «бухгалтерлік есеп білімі бар сатушы-коммерсант» мамандығы бойынша, 2000-2004 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды. 2018 жылы «Қаржы» МВА бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында оқыды.

1993 жылдан бастап Павлодар өңірінің кәсіпорындарында бухгалтер болып жұмыс істеді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ындағы еңбек жолын 1999 жылдан Павлодар 3-ЖЭО-ның бухгалтері лауазымынан бастап,  1999-2002 жылдары «Тепловые сети» ЖШС-де, «Павлодартеплоэнерго» ЖШС-де қызмет етті.

2004 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2014 жылдары «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің бас бухгалтері болып қызмет атқарды. 2014 жылдан «Павлодарские тепловые сети» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды. 

2018 жылғы қазан айында Ахметова Альбина Юрьевна «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Альбина Юрьевна «Қазақстан бухгалтерлері және бухгалтерлік ұйымдары одағы» БКҰ мүшесі. Тұрмыста. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Гринёв Игорь Николаевич

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО директоры

Гринёв Игорь Николаевич 1965 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында туылды.

1989 жылы  Павлодар  индустриалды институтын «Электр станциялары» мамандығы бойынша оқып бітірді.

Сол уақыттан бастап Павлодар 3- ЖЭО қосалқы жабдығының машинисі-аралаушысы болып еңбек жолын бастады.

1993  жылы турбина цехының ауысым бастығы болып ауыстырылды. Екі жылдан соң – 3-ЖЭО станциясының ауысым бастығы болды.

2004 жылы станция ауысымының аға бастығы лауазымына тағайындалды.

2007 жылы -  Басқарма төрағасы орынбасарының көмекшісі, кейін   - 3-ЖЭО бас инженері, одан кейінірек  - 2 –ЖЭО бас инженері.

2011 жылы 2-ЖЭО директоры болып тағайындалды.

Бір жылдан соң 2012 жылы 3-ЖЭО директоры лауазымына ауыстырылып, осы күнге дейін сол жерде еңбек етіп жүр. 
 

Зенков Андрей Валентинович

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО директоры

Зенков Андрей Валентинович 1972 жылы 4 мамырда Павлодар қаласында туды. 1991 жылы Павлодар теміржол көлігі техникумын «Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика» (техник-электрик) мамандығы бойынша оқып бітірді.

Еңбек жолын сол 1991 жылы – Павлодар трактор зауытының электр цехында жоғары вольттық учаскесіндегі электромонтёр болып бастады.  1995-2000 жылдары осы зауыттың электр цехында ауысым шебері болып жұмыс істеді.  2000 жылы  еңбек қызметін «Павлодар 2-ші жылу электр орталығы» ЖШС-ның электр цехында ауысым бастығы лауазымында жалғастырды.

2001 жылдың наурызынан 2002 жылғы қаңтар аралығында «ПАВЛОДАРТЕПЛОЭНЕРГО» ЖШС электр цехында станцияның ауысым бастығы болып қызмет атқарды.

2002 жылғы ақпанда  2-ЖЭО №5/2 электр цехының ауысым бастығы лауазымына бекітілді. 2003 жылы 2-ЖЭО станциясының ауысым бастығы болды.

Сол уақытта 2004 жылы қыркүйекте Зенков Андрей Валентинович Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университетіне «электр энергетикасы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы «электроэнергетика бакалавры» біліктілігімен табысты оқып бітірді.

 «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 2-ЖЭО-да  еңбек қызметін жалғастыра отырып, 2008 жылғы мамыр айында Андрей Валентинович 2-ЖЭО бас инженерінің орынбасары лауазымына кіріседі. 2012 жылғы желтоқсанда 2-ЖЭО бас инженері лауазымына тағайындалды.   

 2018 жылғы қазан айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО бас инженерінің лауазымына ауысады.

 2021 жылғы 1 сәуірде Зенков Андрей Валентинович 2-ЖЭО директоры болып тағайындалды, осы лауазымда еңбегін жалғастыруда.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жүйесін дамытуда қосқан зор үлесі үшін Зенков Андрей Валентиновичке 2017 жылғы желтоқсанда  «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.

Иманаев Марат Шамильұлы

«Павлодаржылу желілері»ЖШС бас директоры

Иманаев Марат Шамильұлы 1969 жылғы 22 мамырда Теміртау қаласында туған. Білімі - жоғары техникалық, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы «Металлургжилстрой» тресінің «Земдорстрой» ҚБ 3-разрядты құбыр төсеушісі болып бастады. 1998 жылы «Компания ССL-Энерго»ЖШС бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары болып қабылданды. 2000 жылы«Теплоцентр-Северный»ЖШС бас директорына тағайындалды. 2002 жылдан бастап «Энергоцентр»АҚ президенті, 2005 жылдан – «Павлодарэнергосервис»АҚ президенті болды. 2007 жылы– «Екібастұз жылу желілері»ЖШС директоры. 2008 жылдың ақпан айынан «КӨКШЕ»АҚ президентінің міндетін атқаруға кірісті. 2010-2015 жылдары– «Қазақмыс»корпорациясының ТЭК басқармасы департаментінің директоры. 2015жылғы маусымда«Павлодаржылу желілері»ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Глотов Александр Владимирович

И.о. генерального директора АО «Павлодарская Распределительная Электросетевая Компания»

Глотов Александр Владимирович родился 8 января 1963 года в городе Павлодаре. Имеет высшее техническое образование: окончил Павлодарский индустриальный институт по специальности «электроснабжение промышленных предприятий».

Трудовую деятельность начал в павлодарском монтажном управлении №1, в 1982 году, с должности электромонтажника по силовым сетям и электрооборудованию. В 1985-1995 годах работал на инструментальном заводе ПЗСиТО (ПТЗ) мастером ремонтного цеха. В феврале 1995 года принят по переводу на должность электромеханика по обслуживанию объектов соцкультбыта жилищно-коммунальной конторы павлодарского алюминиевого завода. 1996 год - переведён на должность инженера бюро ППР и запчастей отдела главного энергетика. 1998-2007 годы -  заместитель начальника управления энергомеханических ремонтов. В 2007 году назначен на должность начальника управления энергоснабжения.

В 2016 году приступил к исполнению обязанностей заместителя генерального директора по производству - главного инженера АО «ПРЭК».

В январе 2020 года назначен на должность исполняющего обязанности генерального директора АО «ПРЭК».

Арғынов Талғат Ғабдоллаұлы

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС Бас директоры

Арғынов Талғат Ғабдоллаұлы 1963 жылы 12 қарашада Павлодар облысы Ертіс ауданының Суворово ауылында дүниеге келді.

Екі жоғары білімі бар – техникалық және экономикалық. 1985 жылы Куйбышев политехникалық институтын «теплоэнергетикалық процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2005 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1985 жылы 3-ЖЭО-да  қазандық цехының ауысым бастығы болып бастады.  Сондай-ақ, турбина цехында, күрделі құрылыс бөлімінде жұмыс істеді. Күрделі энергетикалық өндірістің ішіндегі жұмыстардан білім-тәжірибе ала отырып,  машинистен басшы қызметіне дейін көтерілді. 

2000 жылдан бастап – «Энергетическая компания Павлодарская ТЭЦ-3» ЖШС өткізу бөлімінің бастығы, кейін «Павлодарэнерго» ААҚ басқармасының өткізу бөлімінің бастығы, 2008  жылдан – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасының коммерция және өткізу жөніндегі орынбасары болды. 2009 жылдың сәуір айынан    2011 жылға дейін – «Энергоцентр» АҚ президенті, 2011 жылдан бері «Павлодарэнергосбыт» ЖШС Бас директоры.

Арғынов Т.Ғ. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Электрэнергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Моисей Анатолий Иванович

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС бас директорының м.а.

1972 жылғы 22 желтоқсан күні Молдовада туылған.

2008 жылы С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін «Жылу және электр станциялары» мамандығы бойынша тәмамдап, «Инженер-жылу энергетигі» біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын Анатолий Иванович 2008 жылы «Павлодар қазандық зауыты» ЖШС-де инженер-жылу технигі лауазымынан бастаған. 2014-2015 жылдары «Капитал-ПВ» ЖШС-де инженер-жылу технигі болып жұмыс істеді. 2015-2016 жылдары «Зара и К» ЖШС-де бас энергетиктің орынбасары лауазымын атқарған. 2016 жылы «Манас-ПВ» ЖШС-де бас жылу энергетигі лауазымында жұмыс істеді. 2017 жылы «Тумар-ПВЛ» ЖШС-де бас жылу энергетигі болып жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап «Павлодар-Водоканал» ЖШС директорының міндетін атқарушы болып тағайындалып, кейін 2018 жылы директор лауазымына бекітілді.

2023 жылғы 20 ақпаннан Анатолий Иванович «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-не бас директордың күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары лауазымына қабылданды.

2023 жылдың 25 сәуірінен бастап Анатолий Иванович «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.