Акционерлер мен инвесторларға

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ (бұдан әрі – «Компания») – электрлік қуатты және жылу қуатын генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын біріктірілген холдингтік компания.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергетикалық компаниясына электрлік қуатты және жылу қуатын құрамдастырылған түрде шығаратын станциялар (Павлодарлық ЖЭО-2, ЖЭО-3, Екібастұз жылу орталығы), Павлодарлық электрлік желілер және жылу желілері, Екібастұздық жылу желілері, электрлік және жылу қуатын өткізумен айналысатын кәсіпорын – «Павлодарэнергосбыт» ЖШС кіреді.

Компанияның барлық акциялары «Орталық-Азия электр-энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Компаниялар тобы») тиесілі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қазақстанның электр қуаты нарығында орнықты позицияларды алып отыр, Компания өндірілген электр қуатын Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына жеткізеді және Павлодар, Екібастұз қалаларын жылумен қамтамасыз етеді.

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі Компания қызметінің тұрақтылығын растап, 2013 жылғы 27 тамызда компанияның несиеге қабілеттілігінің рейтингін А+ (несиеге қабілеттіліктің өте жоғары деңгейі) деңгейінде бағалады, сондай-ақ облигациялардың бірінші шығарылымының (ұлттық сәйкестендіруші нөмірі – KZ2C0Y10С606) рейтингіне А+ (сенімділіктің өте жоғары деңгейі) деңгейін берді.  

Компанияда корпоративтік басқару принциптері қолданылады, бұл оның қызметінің ашықтығын және басқару жөніндегі шешімдерінің тиімділігін қамтамасыз етеді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның қызметі Компанияны дамытуға, қазіргі және болашақ акционерлердің, тұтынушылардың және инвесторлардың, сондай-ақ бүкіл қоғамның Компанияға деген сенімін арттыруға бағытталған Корпоративтік басқару кодексімен және Іскерлік этика кодексімен регламенттеледі. Компания корпоративтік басқару стандарттарын жетілдіре отырып, капиталдың ағымын ынталандыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады.

Бизнес үрдістерді жетілдіру және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында Компанияда ішкі қадағалау механизмдері ойластырылған. Ішкі қадағалау жүйесінің аясында Директорлар кеңесі, басшылық және қызметкерлер әрқайсысы өз деңгейінде Компанияның қызметіне әсерін тигізуі мүмкін ықтимал келеңсіз оқиғаларды анықтауға қатысады. Компаниядағы ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, акционерлерге тиімді болатын тәуекел деңгейінің аясында осы оқиғаларды басқару жүзеге асырылады. Тәуекелдерді басқару және ішкі қадағалау жүйесін Компанияның Директорлар кеңесінің жанында әрекет ететін Тәуекелдер жөніндегі комитет ұйымдастырады және рәсімдерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Аудит жөніндегі комитет ішкі қадағалау жүйесін үйлестіруді жүзеге асырады. Бұл орган Компаниялар тобының Директорлар кеңесіне қаржылық есептіліктің шынайылығын және ішкі қадағалау мен тәуекелдерді басқарудың барабар жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған қабылданған шешімдерге және үрдістерге мониторинг жүргізуге жәрдемдеседі.